12 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №274

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 5 мамыр, Астана Үкімет Үйі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі - қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есепті айдан кейінгі айдың басына қордың банктік шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бірақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12